Оралда «Smart Uralsk» қызмет көрсету орталығы ашылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Оралда «Smart Uralsk» қызмет көрсету орталығы ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Оның ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімі Алтай Көлгінов бұл жұмыстың Елбасының цифрландыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес жасалып отырғанын жеткізді.

Әкімнің айтуынша, басты мақсат - мемлекет тарапынан тұрғындарға көрсетілетін барлық қызметтің сапасын арттыру, кәсіпкерлік саласында әкімшілік кедергілерді жою. Мұнда келушілерге «Бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетіледі. Яғни осында халыққа және кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жұмыс жасайды. Бүгін түске дейін-ақ 500-ден астам азаматқа қызмет көрсетілген.

«Жаңадан ашылған қызмет көрсету орталығында құқық қорғау органдары, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Қазақинвест» ҰК, жергілікті атқарушы органдар және басқа салалардың өкілдері отыратын болады. Мысалы, бұрын кәсіпкер рұқсат қағазын алу үшін 14 мекемеге барып, әрқайсысына бес күннен уақыт жоғалтатын. Әсіресе, азаматтар жер теліміне байланысты көп келеді. Енді алдағы жылдан бастап осы қызметтердің бәрі электронды түрде көрсетіледі. Яғни адамдар сол мекемелерге барып жүрмейді, барлық жұмыс бес-ақ күннің ішінде бітеді. Қызмет көрсету мерзімі 14 есеге қысқарады», - деді өңір басшысы. 

Соңғы жаңалықтар