Оралда «Сити центр» сауда орталығының иесіне ірі көлемде айыппұл салынды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда өрт қауіпсіздігін сақтамаған «Сити центр» сауда орталығының иесіне ірі көлемде айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты өткен жылғы 27 желтоқсанда берілген ұйғарымдағы бұзушылықтарды жоймағаны үшін «Сити центр» сауда ойын-сауық орталығының иесін әкімшілік жауапкершілікке тартты.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, биыл көктемде қайта тексерген кезде 97 бұзушылықтың 36-сы жойылмаған болып шықты.

ТЖ департаменті қызметкерлерінің айтуынша, сауда орталығы көпшілік жиналатын орын екендігі белгілі. Сондықтан өрт бола қалған жағдайда қауіпсіздікті сақтамаудың соңы адамдардың зардап шегуіне соқтыруы ықтимал.

Азаматтар өміріне қауіп төндіретін бұзушылықтарды жоймағаны үшін сот сауда орталығының иесіне 200 АЕК (481 мың теңге) көлемінде айыппұл салып, кешен қызметін бір ай мерзімге тоқтатты.

null

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Биыл жыл басынан бері сот өрт қауіпсіздігін сақтамағаны үшін үш кәсіпкерді жауапкершілікке тартты. Олардың әрқайсысына кәсіпкерлік нысанына байланысты 100-ден 200-ге дейін АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Еске сала кетейік, Кемерово қаласындағы қайғылы оқиғадан кейін Оралда сауда орталықтарын тексеру жұмысы жүргізіліп жатқанын бұдан бұрын жазған болатынбыз.
null null null 

Соңғы жаңалықтар