Оралда «Шаңырақ» шығармашылық байқауы қорытындыланды

None
None
 ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралдағы Достық үйінде «Шаңырақ» шығармашылық байқауы қорытындыланды, - деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Қазақстан халқы БҚО ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақовтың айтуынша, ҚХА аталмыш сайысты республикалық деңгейде тұрақты өткізіп келеді. Биылғы ерекшелік, байқаудың облыстық кезеңі Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында ұйымдастырылды.

null 

Байқауға облыстық, қалалық және аудандық БАҚ-тардан жиырмадан астам журналист өз жұмыстарын ұсынды. Қазылар алқасының шешімімен солардың ішінен 12-сі үздік деп танылып, түрлі аталымдар бойынша дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Олардың арасында «Жайық Пресс» ЖШС-ға қарасты облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінің тілшілері Гүлсезім Бияшева, Гүлжамал Кенжеғалиева, Динара Киндербаева, Жанна Балықова, Оксана Каткова, «Ақжайық» телеарнасының редакторлары Мұнайдар Балмолда, Роза Сатқанова, Оксана Игілікова, Айгүл Логашкина, сондай-ақ Сырым аудандық «Сырым елі» газетінен Бауыржан Ширмединұлы, Қазталов аудандық «Ауыл айнасы» газетінен Гауһар Құрманғазиева  бар.

«Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері елдің бірлігін баянды етіп, ұлтаралық татулықты насихаттауда белсенді еңбек етіп жүр. Республикалық байқауда әзірге батысқазақстандық журналистер жүлде ала қойған жоқ. Оларды әлі де ынталандыра түсу мақсатында келесі жылы жүлде қорын көбейтпек ойдамыз. Сондай-ақ блогерлерді де қатыстыратын боламыз», деді «ҚазАқпарат» тілшісіне Ғ.Қапақов. 

null

Соңғы жаңалықтар