Оралда шақалақты далаға тастаған әйел баласын қайта бауырына басқысы келеді

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Оралда жаңа туған шақалақты құрылыс алаңына тастап кеткен әйел енді баласын қайта бауырына басқысы келеді. Бұл жөнінде Орал қаласындағы «Мейірім» балалар үйінің дәрігері мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Батыс Қазақстан облыстық «Мейірім» мамандандырылған бөбектер үйінің дәрігері Гүлнәр Сүндетованың айтуынша, нәрестенің анасы балалар үйіне жиі келіп,  ұлын өзімен алып кеткісі келетінін айтқан. Ал дүние есігін аша сала тастанды  атанған сәбидің тағдырына енді мамандар алаңдаулы. Біреулер сәби анасымен бірге өсуі тиіс деп санаса, енді бірі баланы анасына беруге қарсы. Тіпті бір жарым айлық сәбиді өлім аузында тастап кете барған әйелді ата-аналық құқығынан айыру керек деп санайды.

Осыған байланысты Талдықорған қалалық білім бөлімі, балалардың құқығын қорғау секторының меңгерушісі Әмір Тұяқбаевтың пікірін білген едік.

«Менің ойымша баланы анасына беруге болмайды. Себебі анасы оны құрылыс нысанына қалдырып, өміріне қауіп төндірді. Бұл жайттың қайталанбасына кім кепіл? Сондықтан өз басым баланы анасына беруге түбегейлі қарсымын»,  - дейді Әмір Тұяқбаев.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бес ай бұрын Орал қаласындағы құрылыс алаңынан жаңа туған нәресте табылған болатын. Шырылдап жатқан шақалақты кешкілік уақытта аумақты тексеріп жүрген күзетші  тауып алған. Артынан сәбидің анасы 21 жастағы әйел екені анықталды. Енді тастанды баланың тағдырын сот шешеді. Ал қазір сәби көп-көрім өсіп қалған. Бес жарым айлық ұл бала өздігінен басын ұстап, ойыншықтарға да елеңдейді.

null  

Сәби  «Мейірім» бөбектер үйінде тәрбиеленуде.

Соңғы жаңалықтар