Оралда Парламент депутаттары Ассамблея мүшелерімен кездесті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Оралдағы Достық үйінде Парламент депутаттары облыс әкімі Алтай Көлгіновпен бірге Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Онда Елбасы Жолдауының негізгі бағыттары сөз болып, енгізілгелі отырған конституциялық өзгерістер талқыланды.

null 

Алдымен өңір басшысы ҚХА мүшелеріне ел бірлігін нығайту, қоғамдық келісімді орнықтыру бағытындағы жемісті қызметі үшін алғысын білдіріп, Жолдауға байланысты облыста атқарылатын басты жұмыстар жөнінде баян етті. Атап айтқанда, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және басқа салаларда жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, озық технологияларды енгізуге бағыт ұсталмақ. Мысалы, білім саласында облыстың 200 мектебі жоғары жылдамдықтағы ғаламтор желісімен қамтамасыз етілмек. Кәсіпкерлікті дамытуға да мемлекет тарапынан қолдау көрсетіле бермек.
null 

Басқосу барысында Сенат депутаттары Бірғаным Әйтімова, Рашит Ахметов, Ерболат Мұқаев саяси реформа аясында жүзеге асырылмақшы конституциялық өзгерістердің мән-маңызына, Жолдауға байланысты экономика саласында қолға алынатын шаралар әлемді жайлаған дағдарыстан жол табуға жәрдемдесетініне, осының бәрі халықтың әл-аухатын арттыру мақсатында жасалып отырғанына тоқталды. Мәжіліс депутаты Ахмет Мурадов Қазақстандағы тұрақтылықты сақтап, ұлтаралық татулықты бекіте түсуге әркімнің де үлес қосуы керектігін, бұл орайда БҚО-да оң тәжірибе жинақталғанын атап өтті.

Парламент депутаттарының мекеме-ұйымдардағы кездесулері бұдан кейін де жалғасын тапты. 

Соңғы жаңалықтар