Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -20 °С
Алматы: -9 °С
USD 329.41 EUR 403.92
RUB 5.84 CNY 51.23
Жаңалықтар

Оралда өртеніп кеткен саяжайдың орнынан адам сүйектері табылды

2018 жылғы 3 қаңтар 17:42 1000
Поделиться:
Оралда өртеніп кеткен саяжайдың орнынан адам сүйектері табылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат -  Батыс Қазақстан облысында жаңа жылдық демалыс күндері бірнеше өрт оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінен түскен мәліметке қарағанда, 1 қаңтар күні Оралдағы 2-саяжай аумағы «Автомобилист» саяжай қоғамдастығындағы үй түгелдей өртеніп кеткен. Өрттің жалпы ауданы 20 шаршы метрді қамтыған. Оқиға орнынан өрт сөндірушілер адам сүйектерінің бөліктерін тапқан.

Орал қалалық ішкі істер басқармасы бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Бисеновтің айтуынша, сүйек қалдықтары сараптамаға жіберілген. Әзірге ол туралы нақты айту қиын.

31 желтоқсан және 1 қаңтар күні Оралда бірнеше жану оқиғалары тіркеліп, ал Бөрлі ауданы Жарсуат ауылында үюлі тұрған пішен отқа оранды.

Айта кетейік, жаңа жылдық демалыс күндері департаменттің өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі күшейтілген қызмет түріне (жеке құрамнан 230 адам және 59 техника) көшіріліп, жұмыс жасады. 

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
Редактор
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
Мұрағат