Оралда он жеті жасар бозбала суға кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - 22 шілде күні Орал қалалық мәдениет және демалыс саябағында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО ТЖ департаменті жедел құтқару қызметінің бас құтқарушы-психологы Лейла Әбдірахманованың айтуынша, осындағы ақылы жағажайда («Евростандарт» ЖШС) сағат 15.00-дер шамасында 2000 жылғы бозбала Шаған өзеніне батып кеткен. Осындағы жалдамалы құтқарушылар судан алып шыққанымен, бәрі кеш болған. Марқұм әкесінің көз алдында суға кетіп қалған.

Оқиғаға қатысы бар адамдардың сөзіне қарағанда, Төрехан Бөкей ордасы ауданы Бисен ауылдық округінен Оралға оқуға түсемін деп келген. Ол мектепте сабағын жақсы оқыған. Өкінішке қарай, жүзу білмейді екен.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын 6 шілде күні Жәнібек ауданынан оқуға келген 1999 жылғы қыз туысқандарымен «Светлячок» турбазасына демаламын деп барып, Деркөл өзеніне батып кеткен болатын. Ол да жүзу білмеген.

2015 жылы өңірде 29 адам (соның 13-і - балалар) суға кетсе, өткен жылы 20 адам (9-ы - балалар) «тілсіз жаудың» құрбаны болған еді. Биыл осымен үшінші адам суға кетіп отыр. Оған қоса бұған дейін 12 адам құтқарылса, соның бесеуі - балалар.

Соңғы жаңалықтар