Оралда оқушы қыздың асылып өлуіне байланысты бірнеше сараптама тағайындалды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлағанындай, Орал қаласында 21 қазан күні Олег Кошевой атындағы көше бойындағы үйлердің бірінде П. есімді 2001 жылғы қыз өз ауласында асылып өлген.

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталмыш оқиғаға байланысты бірнеше сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Қыз бала қаладағы №39 орта мектепте оқыған. Қазіргі таңда оның осындай қадамға неліктен барғандығы анықталу үстінде.

Бұл - биылғы оқу жылы басталғаннан бергі өңірдегі екінші оқиға. Бұған дейін 23 қыркүйек күні Жаңақала ауданы Жаңажол ауылдық округінде  Айдархан орта мектебінің 7-сыныбында білім алған 12 жасар ұл бала өз үйінің ауласындағы гаражда асылып қалған болатын.

Айта кетейік, биылғы тоғыз айда облыс көлемінде 10 жасөспірім өзіне-өзі қол жұмсады. Тағы үшеуі сондай әрекет жасағанмен, аман қалды.

Мұндай деректердің барлығы бойынша ҚР ҚК 105-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеледі.

Соңғы жаңалықтар