Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 323.13
EUR 367.08
RUB 5.43
CNY 47.53

Оралда мотоцикл жүргізушілері арасында тәртіп бұзу жиілеп отыр

 Оралда мотоцикл жүргізушілері арасында тәртіп бұзу жиілеп отыр
2017 жылғы 20 маусым 00:24 358

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында мотоцикл жүргізушілер арасында тәртіп бұзу жиілеп отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің басшысы, полиция полковнигі Манарбек Ғабдуллиннің айтуынша, биылғы бес айда облыс аумағында мотоцикл жүргізушілерінің қатысуымен 10 жол-көлік оқиғасы болды. Соның салдарынан бір адам қаза тауып, төртеуі түрлі жарақат алды.

Жаз шығысымен қала көшелерінде мотоциклдер де көбейеді. Тиісті құжатсыз және қауіпсіздік құралдарынсыз жүрген мотоцикл жүргізушілеріне азаматтардан шағым түсіп жатады. Осындай құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында 17 маусым күні жергілікті полиция қызметкерлері арнайы рейд өткізді. Шара кезінде мотоцикл мен скутердің 20 жүргізушісі тексеріліп, барлығы 7 әкімшілік хаттама толтырылды. Соның ішінде үшеуі тиісті құжатыз жүргені, біреуі міндетті сақтандыру келісімшартын жасаудан жалтарғаны, екеуі мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз көлік құралын басқарғаны, тағы біреуі мотодулыға кимегені үшін жауапқа тартылды. Арнайы тұраққа 3 мотокөлік қойылды.

«Жеңіл автокөлік жүргізушілеріне қарағанда, жол-көлік оқиғасы кезінде мотоциклшілерге көбірек қауіп төнеді. Сондықтан олар дулығасын киіп, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауы тиіс», деді М.Ғабдуллин.

 

 

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер