Оралда «Меркурий» сауда үйінде өрт болды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда Гагарин көшесі 70-мекенжайында «Меркурий» сауда үйінде өрт болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО ТЖ департаменті өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Жазира Әбдірахманованың айтуынша, сауда үйінің жанып жатқаны жөнінде кеше сағат 18.28-де хабар түскен.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер жеті минуттан соң жеткен кезде сауда үйінің қоймасында есіктердің отқа оранғаны анықталды.  Өрт сөндірушілердің жедел де үйлесімді іс-қимылы нәтижесінде «тілсіз жаудың» тауар-материалдық құндылықтар сақталған көрші қоймаларға, жалпы ауданы мың жарым шаршы метрден асатын сауда үйіне одан әрі таралуына жол берілген жоқ. Сағат 20.11-де беті қайтып, 21.09-де сөндірілген өрт аумағы 80 шаршы метрді қамтыды. Оған 25 адам, 12 техника жұмылдырылды.

null null 

Зардап шеккендер жоқ. 

Соңғы жаңалықтар