Оралда латын әліпбиіне көшу жолдары талқыланды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралдағы Достық үйінде «Қазақ жазуының тарихы және латын әліпбиіне көшудің өзекті мәселелері» атты ғылыми семинар өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО тілдерді дамыту басқармасы, «Еуразия әлеуметтік-гуманитарлық зерттеу орталығы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған шараға тілші мамандар, ғалымдар, мемлекеттік қызметшілер, заңгерлер, орта және  жалпы, жоғары білім беру ұйымдарының ұстаздары қатысты.
null

Семинарда филология ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің доценті, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының аға ғылыми қызметкері Нәзира Әміржанова «Рухани жаңғыру және әліпби таңдау мәселелері», Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Мұрат Сабыр «Тілдік ұстаным және латын қарпі», М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті, PhD доктор Қамар Алдашева «Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты: латын әліпбиіне көшудегі норма және кодификация мәселелері», Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығының директоры міндетін атқарушы, тілші-ғалым Болат Жексенғалиев «Латын жазуы негізінде ұлттық әліпби қалыптастыру мәселелері», Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі,  филология магистрі Әлима Дүйісмағанбетова «Латын әліпбиіне көшу мәселесі туралы қоғамдық ой-пікірлер (әлеуметтік зерттеудің маңызы)»  деген тақырыптарда баяндама жасады.
null

Жиында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына сәйкес тілдік таңбаны ауыстырудағы ғылыми мәселелер, графиканың стандартын бекітуде ескерілетін жайттар жан-жақты талданды. Соның ішінде латын әліпбиінің соңғы ұсынылған үлгісі сарапқа салынды. Аталған мәселелерге қатысты қалың бұқараға үгіт-насихат және түсінік жұмыстарының сауатты түрде жүргізу қажеттігі ерекше айтылды. Себебі бұл елдік деңгейде рухани жаңғыру мәселесіндегі маңызды қадамдардың бірі болып отыр.

Соңғы жаңалықтар