Оралда қызды зорлаған қаскөй ұсталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда 5517-әскери бөлім жауынгерлері суық қаруанған қаскөйді ұстады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 7 қазан күні шамамен сағат 22.46-да құрамында Максим Алексеев, Павел Иванов және Алмасбек Амангелдіұлы бар топқа жас қыз өзінің зорланғаны жөнінде хабарлаған. Жәбірленушінің бағыт сілтеуімен жедел іздестіру шаралары барысында Попович көшесі 7-мекенжайында орналасқан «Талап» дәріхана қоймасы маңында жас адам қолға түсіп, оның қалтасынан пышақ табылған. Қыз өзін зорлаған адамды таныған.


Күдікті Орал қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлеріне тапсырылды.

Қырағылық пен кәсібилік көрсеткені үшін аталған жауынгерлер әскери бөлім командирімен ынталандырылды.  

Соңғы жаңалықтар