Оралда қос бірдей науқас балаға көмек көрсетілді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Биыл облыста қолға алынған «Мейірімді көктем» қайырымдылық шарасы аясында қос бірдей науқас балаға көмек көрсетілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

«Жас Отан» жастар қанаты БҚО филиалының төрағасы Нұрғали Жолдасқалиевтің айтуынша, «Нұр Отан» облыстық филиалының ғимаратында осыған орай қайырымдылық концерті қойылды. Оған өңірдің жас өнерпаздары Ербол Ақбасов, Медет Оразов, Ақылбек Бектасов, Данияр Рахметжанов, Алтынбек Қанатқалиев, «Батыс» би тобы, «Batysstar» тобы және елімізге танымал эстрада жұлдыздары «Заман» тобы қатысып, өз өнерлерін көрсетті.

Қайырымдылық кештен түскен 357580 теңге Бақтияр Байбалдиев пен Марат Қасымовтың ем-домына жұмсау үшін тең бөлініп, ата-аналарына табысталды.

Мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғаспақшы.

1 2  

Соңғы жаңалықтар