Оралда кісі өлтірді деген күдікпен ер адам қолға түсті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда 24 қыркүйек күні таңертең С.Даумов көшесі бойында орналасқан П.Атоян атындағы стадион ауданында кісі өлімі болғаны жөнінде хабар түскен.

БҚО ішкі істер департаменті баспасөз қызметінен алынған мәліметке қарағанда, стадион жанындағы автотұрақтан 1968 жылғы Н. деген азаматтың сол жақ аяғынан пышақ сұғылған мүрдесі табылған. Ол алған жарақаты салдарынан сол жерде көз жұмған.

Жедел іздестіру шаралары барысында 1976 жылғы Р. деген күдікті қолға түсті. Қазіргі кезде ол Орал қалалық ішкі істер басқармасы уақытша ұстау изоляторында қамаулы жатыр.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар