Оралда кісі қанын жүктегендер 16 жылға сотталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 24 шілдедегі үкімімен Елена Ялфимова мен Николай Бережной ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі 7-тармағына сәйкес айыпты деп танылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, сот талқысында белгілі болғанындай, Е.Ялфимова биылғы 9 сәуір күні шамамен сағат 03.00-де өзінің кіші сіңлісінің сезіміне селкеу түсірді деген себеппен ұйықтап жатқан Ю.Ковалевтің бөлмесіне кіріп, шеке тұсынан тергеуде анықталмаған доғал затпен екі рет ұрған. Содан кейін соққыдан есінен танған Ю.Ковалевтің үстінде отырып, DVD үнжазбасының сымымен мойнынан қылғындырған. Ю.Ковалев қарсыласқан кезде өзімен бірге тұратын Н.Бережнойды көмекке шақырады. Н.Бережной Е.Ялфимоваға көмектесіп, жәбірленуші жан тапсырғанша, аяғын ұстап отырған. Келесі күні аталған екеу қылмыстың ізін жасыру мақсатында марқұмның мүрдесін Зеленов ауданы Асан ауылы маңындағы Шаған өзені жағалауына апарып тастаған.

Сот үкімімен Е.Ялфимова мен Н.Бережнойға 16 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.  

Соңғы жаңалықтар