Оралда қазақтың үш бірдей батыр қызына ескерткіш орнатылады

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында қазақтың үш бірдей батыр қызы, Кеңес Одағының Батырлары Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және Халық қаһарманы Хиуаз Доспановаға ескерткіш орнатылады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Дәулеткерей Құсайыновтың айтуынша, бұл мәселе 2015 жылы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай көтерілген болатын. Соның сәті биыл түсіп отыр. Арнайы комиссия белгілі мүсінші Нұрлан Далбайдың жобасын таңдап алды. Биіктігі бес метрге жететін композицияда ортада Мәншүк Мәметова, екі жағында Әлия Молдағұлова мен Хиуаз Доспанованың бейнелері сомдалған. Қазіргі кезде Астанада қоладан құйылып жатқан ескерткішті орнату жұмысына облыстық бюджеттен 139 млн. теңге қаралған.

Композиция М.Мәметова ескерткіші тұрған алаңға орнатылады. Ал Мәншүктің ескерткіші қалпына келтіріліп, батыр қыздың туған жері Бөкей ордасы немесе Жәнібек ауданының біріне қойылады. 

nullnull

Соңғы жаңалықтар