Оралда Исатай-Махамбетке ескерткіш орнатылады

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда Исатай-Махамбетке ескерткіш орнатылады. Бұл туралы бүгін «Рухани қазына» облыстық фестивалінде өңір басшысы Алтай Көлгінов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының бір жылдығына орайластырылған мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің фестиваліне қатысқан облыс әкімі осы уақыт ішінде өңірде атқарылған істер мен алда тұрған мақсат-міндеттерге тоқталды.

Оның айтуынша, Исатай мен Махамбет ескерткішіне байланысты жергілікті, сондай-ақ республикалық деңгейдегі мүсіншілердің ұсыныстары жинақталады.
null

«Содан кейін тарих, мәдениет, өнер саласының ардагерлері мамандармен ақылдаса отырып, бір мәмілеге келеміз. Сосын Мәдениет және спорт министрлігінде жобаны бекіткеннен кейін ескерткішті биыл тұрғызбақ ойымыз бар. Қаражат мәселесі шешілді, енді орны белгіленеді», деді Алтай Көлгінов.

nullӨңір басшысы сонымен қатар ЮНЕСКО деңгейінде тойланатын Құрманғазының 200 жылдығына орай үлкен экспедиция ұйымдастырылып жатқанын жеткізді. Осы сәуір айында Құрманғазының ұстазы Ұзақ күйші жерленген Қаратөбе ауданынан басталатын жорық Жаңақала, Бөкей ордасы арқылы Астрахандағы күй атасы жатқан Алтынжарда қорытындыланады.

  null  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бірлесіп атқаратын жұмыстарымыз көп. Соның ішінде Бөкей ордасы тарихи-музей кешенін табиғи қорыққа айналдыру, Жайық қалашығын аспан астындағы музей жасау секілді ұзақ мерзімді жобалар бар. Біздің өлкеміздің тарихы өте бай.

null
Сондықтан Ресей, Қытай, Түркия және басқа елдерде қалған деректерді жинастырып, бірнеше томдық кітап та шығарғымыз келеді», деді әкім.

Фестиваль барысында облыстық байқауда үздік шыққандар түрлі аталымдар бойынша марапатталды.

null

Соңғы жаңалықтар