Оралда газ жарылысынан зардап шеккен әйелдің жағдайы ауыр

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат -  Оралдағы тұрғын үйде газ жарылысынан зардап шеккен жүкті әйелдің жағдайы ауыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрданат Беркінғалиұлының айтуынша, денесін 85 пайыз күйік шалған, бойында жеті айлық сәбиі бар әйел бұрынғысынша облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде. Жағдайы ауыр болғандықтан, оны санавиациямен тасымалдауға келмейді. Алматы не Астанадан арнайы маман келмекші.

«Басқа зардап шеккен адамдар амбулаториялық ем алу үшін үйлеріне жіберілді», деді Н. Беркінғалиұлы.

Еске сала кетейік, 18 қараша күні сағат 09.58 шамасында Оралға қарасты Зачаган кентіндегі тұрғын үйде газ-ауа қоспасының жарылысы болып, алты адам зардап шеккен еді. 

Соңғы жаңалықтар