Оралда газ жарылысынан зардап шеккен әйелдің іштегі сәбиі шетінеп кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат -  Оралдағы тұрғын үйде газ жарылысынан зардап шеккен әйелдің сәбиі көз жұмды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрданат Беркінғалиұлының айтуынша, жеті айдан асқан сәби іште жатып, шетінеген. Әйелдің жағдайы аса ауыр болғандықтан, кесір тілігімен алуға да болмайтын еді. Сондай-ақ оны санавиациямен Астанаға тасымалдау да мүмкін емес. Ал Алматы не Астанадан арнайы маман келмеуі ықтимал. Бірақ телемедицина бойынша кеңесін береді.

Еске сала кетейік, 18 қараша күні сағат 09.58 шамасында Оралға қарасты Зачаган кентіндегі тұрғын үйде газ-ауа қоспасының жарылысы болып, алты адам зардап шегіп, соның ішінде 37 жасар әйелдің денесін 85 пайыз күйік шалған еді. 

Соңғы жаңалықтар