Оралда газ жарылысынан 6 адам зардап шекті: жүкті әйел жансақтау бөлімінде

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - 18 қараша күні сағат 09.58 шамасында Оралға қарасты Зачаган кентінде газ-ауа қоспасының жарылысы болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға Табын Бөкенбай батыр көшесі, 3-үйде болды. Жарылыс салдарынан тұрғын үй мансардасының фронтоны опырылып құлаған.

85 пайыз денесін күйік шалған аяғы ауыр 1980 жылғы әйел облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Денесінің 3-5 пайыз бөлігі күйген 1976 жылы туған  ер адам  мен табиғи газбен орта дәрежеде уланған 1955 жылғы әйел қалалық көпбейінді ауруханаға түсті. Сондай-ақ осы үйден үш бала облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілген.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Саламат Ералиннің айтуынша, қазір облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатқан жүкті әйелдің жағдайы ауыр.

 

 

Соңғы жаңалықтар