Оралда «Дін және әйел» тақырыбында республикалық форум өтті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында «Дін және әйел» деген тақырыпта республикалық форум өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО дін істері басқармасы жанындағы дін мәселелерін зерттеу орталығы ұйымдастырған форумның мақсаты - отбасылық құндылықтарды сақтай отырып, қоғамды рухани дамытудың жолдарын іздестіру,  қазіргі таңдағы діндар әйел келбетін қалыптастыру, дін мен дәстүр сабақтастығын айқындау, қыз бала тәрбиесі мен олардың құқықтарын қорғау мәселелерін көтеру.

null  

Жиында алдымен «Қазақстан - Атырау» телеарнасының журналисі Гүлдана Абайқызы түсірген «Талақ тағдыр» атты бейнефильм көрсетілді. Онда жат діни ағымдардың жетегінде кетіп, алданған қазақ қыздарының тағдыры баяндалады.

Форумда сөз алған Нұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университетінің баспасөз хатшысы, дінтану ғылымының магистранты Айша Кеңесбай деструктивті діни ағымдардың қоғамға әсері мен зардаптары жөнінде баяндап берді. «Адамдардың, соның ішінде әйелдердің жат ағымдардың арбауына түсуінің басты себебі өз салт-дәстүрін, мәдениетін және дін негіздерін жете білмеуінен. Тұрғындардың дін мәселесіндегі сауаты жоғары болса ғана деструктивті ағымдарға тосқауыл қоюға болады», - деді Айша Аманқызы.

ҚМДБ БҚО бойынша филиалы құран оқыту бөлімінің ұстазы Гүлжәмилә Ахметова мұсылман дініндегі әйел-ананың рөлі ерекше екендігіне тоқталды. Жиында сондай-ақ ҚМДБ Сырым ауданы бойынша филиалы құран оқыту бөлімінің ұстазы Әсел Абдубали діннің қоғамдағы мән-маңызы, қасиетті Құранда мәдени, адамгершілік құндылықтар жөнінде  нақты айтылғаны жөнінде баяндап берді.

null  

Баяндамалардан кейін форум  сұрақ-жауап түрінде өрбіді. Сауалдардың дені діндар әйелдердің зайырлы ортадағы орны туралы болды. Мысалы, мектептердегі орамал мәселесі, талақ, балабақшалардағы асханалардың халал болуы, міндетті екпелер, жоғары діни білім алу және басқа өзекті сұрақтарға шақырылған қонақтар тұшымды жауаптарын берді.

Шара соңында қатысушылар тарапынан өңірде қыз балаларға арналған медресе ашу туралы ұсыныс айтылды. Түскен ұсыныстар негізінде форумның қорытындысы ретінде қарар қабылданды. 

null  

Соңғы жаңалықтар