Оралда деструктивті діни ағымды жақтаушы тұрғынға айыппұл салынды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Өткен жылдың желтоқсан айында Орал қаласының деструктивтік діни ағымды жақтаушы тұрғыны ғибадат орындарының бірінде еліміздегі дәстүрлі Әбу-Ханифа мазһабының талаптарымен келіспейтінін білдіріп, имамға бағынбай, діни рәсімнің атқарылуына кедергі келтірген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған тұрғынға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 490-бабы 2-бөліміне сәйкес әкімшілік материал хатталып, ол сотқа жіберілді.

Орал қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының деструктивтік діни ағымды жақтаушы тұрғын кінәлі деп танылып, оған 35 АЕК көлемінде 79415 теңге айыппұл салынды.

Соңғы жаңалықтар