Оралда дәстүрлі «Тіл мен тілші» байқауы мәреге жетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін «Жайық Пресс» ЖШС мәжіліс залында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тіл мен тілші» байқауының қорытындысы жария етіліп, жеңімпаз-жүлдегерлер марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

null

Облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Махамбет Ихсанғалидың атап өткеніндей, тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында жан-жақты насихаттап, көкейкесті мәселелерді көтеріп жүрген тілшілерді қолдау бағытында аталмыш байқау осымен төртінші рет ұйымдастырылып отыр.

null  

Қазылар алқасының шешімімен Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» газетінің тілшісі Нұртай Текебаев бірінші орынды (400 мың теңге) жеңіп алды. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Жаңабек Жақсығалиев пен облыстық «Орал өңірі» газетінің бас редакторы Бауыржан Ғұбайдуллин екінші (150 мың теңгеден), Сырым аудандық «Сырым елі» газетінің жауапты хатшысы Мүсірбек Айташев, Зеленов аудандық «Ауыл тынысы» газетінің тілшісі Түгелбай Бисен және Жәнібек аудандық «Шұғыла» газетінің тілшісі Меңдігүл Фазылова үшінші жүлдені (100 мың теңгеден) иеленді.

null  

«Байқауға барлығы 43 мақала түсті. Бәрін дұрыстап таразылап, әділ бағалауға тырыстық. Солардың ішінде 12 мақаласын ұсынған Нұртай Текебаев ерекше көрінді. Ол өте өзекті жайттарды аяқтай жүріп, зерттеп, зерделеп жазып, сайттарға да жариялаған екен. Сол себепті біз оған бірінші орынды беруді ұйғардық», - деді ҚазАқпарат тілшісіне қазылар алқасының төрайымы, ақын-ұстаз Үзілдік Елеубаева. 

null 

Соңғы жаңалықтар