Оралда дәстүрлі Махамбет оқулары мәреге жетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат -  Бүгін М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде дәстүрлі «ІХ Махамбет оқулары» мәреге жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына сәйкес университеттің 85 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы басталмастан бұрын Махамбет мүсіні ашылды. Оның авторы - Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Ибрагим Айденов. Оған Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Ахмет Ерғалиев көмектескен. И.Айденов мүсін салуда белгілі антрополог Ноэль Шаяхметовтің зерттеулеріне сүйенген.
null

«Біздің университет үшін Махамбет батыр әрі ақынның орны ерекше. Ұжым оны әрдайым құрмет тұтып, өлеңдерін оқиды, ерлігін насихаттайды. Бүгінгі шара - соның бір көрінісі. Әзірге қаламызда азаттық үшін алысқан Махамбеттің еңселі ескерткіші тұрғызылмаса да, бүгін мүсінін аштық. Университетте Тайманов, Иванов оқулары да дәстүрлі түрде өтіп тұрады. Махамбет оқулары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ақын мұрасына қайта оралтып, оны зерттеудің, жас ұрпақ санасына жеткізудің маңыздылығын арттыра түседі», - деді университет ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, академик Асхат Иманғалиев.
null

Конференцияға Қазақстан мен Ресейдегі ЖОО-лардан, сондай-ақ еліміздегі колледж, мектептерден барлығы 120 баяндама түсті. Баяндамалар тақырыбы кең көлемді. Атап айтқанда, оларда махамбеттанудың бүгінгі таңдағы өзекті мәселелері, ақын ғұмырымен және оның әдеби мұрасымен байланысты тарихи тың деректер, Махамбет шығармаларының жоғары оқу орындарында және жалпы орта білім беретін мектепте оқытылу жайы қарастырылған. Сондай-ақ қазақ тілі мен әдебиетінің теориялық және әдістемелік мәселелері, гуманитарлық, тарих, қоғамдық-әлеуметтік, экономика, өнертану және басқа ғылым салаларының бүгінгі таңдағы бағыт-бағдары, даму жайы тексеріс көзіне алынды.
null

Конференцияға Астана, Ақтөбе, Атырау, Орал қалаларынан және облыс аудандарынан ғалымдар мен зерттеушілер, ұстаздар қатысып, өз ой-толғамдарымен бөлісті.

Жиын қорытындысына сәйкес арнайы жинақ шығарылатын болады.
null

Айта кетейік, Оралда Исатай мен Махамбет ескерткішін орнату мәселесі көптен бері сөз болып келеді. 

Соңғы жаңалықтар