Оралда болған өрттен 2 сәби зардап шекті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында кеше сағат 14.55-те өрт болып, екі бала зардап шекті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО ТЖ департаменті өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінен түскен мәліметке қарағанда, өрт Зачаган кенті, Мұрат Мөңкеұлы көшесі, 81/1-үй 71-пәтерінде болған. Үйдің төртінші қабатындағы пәтерде жеке заттар мен жиһаз жанған.

Тұрғындар өрт сөндірушілер келгенге дейін өз автокөліктерімен газдан уланған 2013 және 2015 жылғы екі баланы облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізген.

Оқиға орнынан 15 адам қауіпсіз жерге шығарылса, соның үшеуі - балалар. Аумағы 30 шаршы метрді қамтыған өртті сөндіруге 3 техника, 14 адам қатыстырылған.

Қазіргі кезде өрттің шығу себептері, келтірілген шығын мен кінәлі адамдар анықталуда.  

Облыстық көпбейінді балалар ауруханасы директорының ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Қарлығаш Достаеваның айтуынша, балалардың екеуінің де жағдайы жаман емес. Үлкені бөлімшеде тамағын ішіп, емін алуда. Кішісі әзірге жансақтау бөлімінде дәрігерлердің бақылауында. 

null 

Соңғы жаңалықтар