Оралда «Бақытты әйел - қоғам айнасы» байқауының жеңімпаздары анықталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Салтанат сарайында БҚО бойынша іскер әйелдер қауымдастығы ұйымдастырған «Бақытты әйел - қоғам айнасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

nullСалтанатты рәсімге қатысқан облыс әкімі Алтай Көлгіновтің атап өткеніндей, талай қиын кезеңді бастан өткерген қазақ халқы елімізге жер аударылып немесе басқа да себептермен келген түрлі ұлт өкілдерін шетке қақпай, қонақжайлылықтың төресін көрсетіп, төріне оздырды. Соның арқасында қазіргі таңда Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті ғұмыр кешуде. Бұл - халықты бірлік пен ынтымаққа, қоғамдық келісімге шақырып, ізгі мақсатқа жетелеген Елбасының салиқалы саясатының нәтижесі. Аталмыш байқаудың Алғыс айту күнімен тұспа-тұс келуі де тегін емес. Өйткені осындай шараларды ұйымдастыра отырып, біз ардақты аналарға, қымбатты апа-қарындастарға, барша аруларға құрмет көрсетеміз. «Әйел бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді» дегендей, ұрпағы үшін жанын салатын әйел-ананың өмірдегі орны өлшеусіз екендігі анық. Соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекет тарапынан ғана емес, оған қоса кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі аясында қолдау жасала бермек. Енді көктемнің алғашқы күнінен бастап қолға алынған «Мейірімді көктем» жобасына сәйкес жетім балаларға жәрдем берілмекші. Мұндай шаралар тек көктеммен шектелмейді, жыл бойы жалғасады.
null 

Жиында сондай-ақ ақын, Қазақстан Жазушылар одағы БҚО бөлімшесінің төрайымы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Ақұштап Бақтыгереева көктем қанатымен ілесе келген мейрам күні әйелдер қауымына көрсетіліп отырған құрметтің мән-маңызы ерекше екендігін жеткізді.
null 

Сонымен, «Бақытты әйел - қоғам айнасы» байқауының қорытындысына сәйкес Теректі ауданы Ақсуат ауылдық округінің әкімі Любовь Есқалиева, білім саласында 45 жылдан астам уақыт еңбек еткен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті педагогика факультетінің деканы Баян Жұмақаева, алты баланың анасы Сәбира Еролиева, денсаулық сақтау саласынан дәрігер Татьяна Школьная, «Арба» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлмира Батпақұлова, прокуратура саласының тәжірибелі қызметкері Жанар Нұрмағамбетова, Зеленов ауданы Махамбет ауылынан келген кәсіпкер Жаңылсын Исқақова, журналист, ақын Ұлдай Сариева, қаржыгер Әдия Досанова, ауыл жанашыры Марина Шамшитова, әлеуметтік қызметкер Жұпар Жұбандықова, биші, «Қызғалдақтар» би ансамблінің жетекшісі Райхан Көжекешева, сәулет және құрылыс саласынан Ольга Назарчук түрлі аталымдар бойынша үздік атанды.
 БҚО бойынша іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Ләззат Рысбекованың айтуынша, Қазақстанда аталмыш қауымдастық құрамында 15 мыңнан астам мүше бар. Олар өмірдің түрлі саласында жемісті еңбек етуде. 

nullnull
null

Соңғы жаңалықтар