Оралда әйелдің өліміне байланысты күдікті ұсталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Оралда әйелдің өліміне байланысты күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жедел іздестіру шаралары барысында 1990 жылғы А. деген күдікті құрықталып, Орал қалалық ішкі істер басқармасының уақытша оқшаулау изоляторына қамалды.

Қазіргі кезде оның басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Аталған оқиға бойынша БҚО ішкі істер департаменті тергеу амалдарын жүргізуде.

Зорлықпен өлтірілген 1968 жылғы Ж. есімді әйелдің мүрдесі кеше сағат 08.30-да Алматы көшесі 154-үйдің ауласынан табылған болатын.

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, әйел жеке кәсіпкерлікпен айналысқан. 

Оның қолында «Кактус» түнгі клубының білезігі болған. Яғни марқұм сол күні түнде аталмыш түнгі клубқа барған.

Еске сала кетейік, Оралда кеше таңертең әйелдің мүрдесі табылғаны жөнінде жазған болатынбыз.

 

 

Соңғы жаңалықтар