Оралда автотұрақтан табылған ер адамның өлімі бойынша күдікті ұсталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - 22 мамыр күні сағат 08.40-та «Омега» зауыты ауданындағы М.Шамов көшесіндегі автотұрақ жанынан ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Орал қалалық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, марқұм 1956 жылғы, еш жерде жұмыс жасамаған Орал қаласының тұрғыны. Сот-медициналық сараптама нәтижесінде оның іш қуысына алған жарақаттан ажал құшқаны белгілі болды. Көп ұзамай күдікті ретінде 1967 жылғы С. деген азамат ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Мәлім болғанындай, өзара таныс төрт адам қосылып, ішімдік ішкен. Соның барысында жәбірленушімен сөзге келген С. оған ішінен ауыр соққы жасаған. «Өліп қалады деп ойлаған жоқпын», - дейді күдікті өз жауабында. Марқұм есін жия алмастан, оқиға орнында көз жұмған.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 106-бабы 3-бөліміне сәйкес (Денсаулыққа қасақана ауыр дене жарақатын келтіру) тергеу амалдары жүргізілуде. Қалған екеуі куәгер ретінде жауап беруде.

 

Соңғы жаңалықтар