Оралда автокөлік қаққан қыз бала ауыр халде жатыр

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Оралда автокөлік қаққан он жасар қыз бала жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, шақырту таңғы сағат 07.25-те түскен.

Ашық бас-ми жарақатын алған 2008 жылғы қыз бала қалалық көпбейінді аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген.

Облыстық көпбейінді балалар ауруханасынан да дәрігерлер шақыртылды. Дәрігерлер қыз баланы отаға дайындау үстінде.

Батыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінен түскен мәліметке қарағанда, Әбілқайыр хан даңғылы мен Циолковский көшесінің қиылысында «Лада Приора» көлігімен қыз баланы қағып кеткен 22 жасар жүргізуші оқиға орнынан бой тасалаған. Содан кейін автокөлігін жасырып тастаған ол ұсталған.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар