Оралда әуе апатынан қаза тапқан ұшқыш жерленді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Оралда 3 қазан күні Алматы облысында апатқа ұшыраған АН-28 ұшағында болған батысқазақстандық ұшқыш Евгений Кутафин жерленді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Әуе спорты түрлері бойынша облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Ерген Орынбасаровтың айтуынша, бұл осы ұжым үшін де ауыр қаза болды. Өйткені таяуда отызға толған Евгенийдің өзі 2002 жылдан бері осында парашют спортымен айналысты. Түрлі жарыстарда облыс, ел намысын қорғап, жүлделерге қол жеткізді, спорт шеберлігіне үміткер атанды. Тіпті азаматтық авиацияға ауысып, ұшқыш атанса да, биыл шілде айында Алматы қаласында парашют спортынан өткен ел чемпионатына БҚО құрамасы сапында қатысып, қайтып еді. Оған қоса әкесі, 1962 жылғы Виталий Кутафин осы спорт мектебінде парашют-десант дайындығы жөніндегі нұсқаушы ретінде қызмет жасап келеді.

«Марқұм жайлы да керемет азамат еді. Артында әйелі, кішкентай баласы қалды. Біз барынша отбасына қолұшымызды бердік. Ұжым қызметкерлері бір күндік жалақыларын аударды. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен спорт мектептері тарапынан да осындай көмек көрсетілуде. Сонымен қатар әйелі қаладағы №3 емханада жұмыс жасайтындықтан, емдеу мекемелері де тыс қалған жоқ», деді Е.Орынбасаров. 

Соңғы жаңалықтар