Оралда атты әскер сарбаздары ұрыны әшкереледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оралда атты әскер взводы көше ұрысын қылмыс үстінде ұстады», - деп хабарлайды ҚазАқпарат Мой город порталына сілтеме жасап.

«Орал қаласының «Нефтебаза» аумағында  полицейлер көпір астында автокөліктің терезесін сындырып, көлік ішіндегі заттарды ұрлауға әрекеттенген ер адамды байқаған», - деп хабарлады БҚО ІІД баспасөз қызметі.

null 

Күдікті «ВАЗ-2114» автокөлігінен құрал-саймандар, флеш-карта және антирадар ұрламақ болған.

null 

- Қаскөй қылмыс орнында ізін суытпай ұсталды. БҚО Ішкі істер департаменті автокөлік иелеріне сақ болуды ескертеді. Көлік салонында бағалы заттар қалдырмаңыздар, түнгі уақытта көлікті күзеті бар тұраққа қойыңыздар. Аз ғана уақытқа шықсаңыздар да, бағалы заттарды өзіңізбен алып, есік пен терезелердің жабылғанына көз жеткізіңіздер», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

null 

Соңғы жаңалықтар