Оралда «Алаштың бағы - азаттық» атты республикалық ақындар айтысы өтеді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - 4 шілде күні Орал қаласындағы Жастар мәдениет үйінде Астана күні мерекесі қарсаңында Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған «Алаштың бағы - азаттық» атты республикалық ақындар айтысы өтеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мен Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығы өткізетін жыр додасына республика өңірлері мен Астана, Алматыдан 18 ақын қатысып, бақ сынамақшы. Атап айтқанда, Тілеген Әділов, Дидар Қамиев (екеуі де Қарағандыдан), Мұхтар Ниязов (Қызылорда), Мейірбек Сұлтанхан, Иранғайып Күзембаев, Бақытжан Қасымов (бәрі де Астанадан), Рүстем Қайыртай, Жібек Шахмарданқызы (екеуі де Алматыдан), Дәурен Ақсақалов (ОҚО), Рауан Хайдаров (Павлодар), Амангелді Панабердиев, Өнербек Дәулекенов (екеуі де Атыраудан) және Батыс Қазақстан облысынан Жансая Мусина, Бауыржан Ширмединұлы, Талғат Мықи, Айнабек Бисенғалиев, Мұрадым Мирланов, Эльдар Ихсанов жыр аламанына түспекші.

«Айтысты ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының төрағасы, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты Жүрсін Ерман жүргізеді. Додаға ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Есенғали Раушанов бастаған қазылар алқасы төрелік етеді», деді «ҚазАқпарат» тілшісіне ақын, Қадыр орталығының директоры Бауыржан Халиолла.

 

Соңғы жаңалықтар