Оралда әкімнің кубогы үшін волейболдан жарыс өтті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда Тәуелсіздік күніне орай волейболдан БҚО әкімінің кубогы үшін волейболдан жарыс мәреге жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Облыстық, қалалық және аудандық әкімдік қызметкерлері арасында үш күнге созылып, тартысты өткен турнирге барлығы 14 команда қатысып, бақ сынады.
null 

Финалдық бәсекеде шыңғырлаулық әріптестерін ұтқан Қазталов ауданы әкімдігі командасы жеңімпаз атанды. Сондай-ақ ақжайықтықтар үшінші, жәнібектіктер төртінші орынға ие болды.
null 

Сонымен қатар ерекше көзге түскен ойыншылар да марапатталды. Атап айтқанда, Бөкей ордасы ауданы әкімдігінен Мереке Бисембаев «Үздік қорғаушы», жәнібектік Таһир Қадимов «Үздік байланыстырушы», ақжайықтық Тимур Шыниязов «Үздік шабуылшы», шыңғырлаулық Тілепберген Қаюпов «Үздік ойыншы», зеленовтық Александр Шаталов пен БҚО әкімдігінен Қазбек Меңеев «Турнир ақсақалы» атанды.

Айта кетейік, мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын орнықтыру, олардың спортпен айналысуы үшін ынталандыру мақсатында мұндай жарыстар дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.

Соңғы жаңалықтар