Оралда 91 көшеге жаңа атау берілмек

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында 91 көшеге жаңа атау берілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаеваның айтуынша, бұл - «Жұлдыз» шағынауданындағы және Деркөл кентіндегі жаңа көшелер.

Оған қоса ҚР Үкіметі жанындағы республикалық ономастикалық комиссияның қарауына Орал қаласы бойынша 3 шағынаудан, 1 алаң және 1 тынымбаққа атау беруге қатысты ұсыныстар жолданды.

Сонымен қатар Тасқала ауданының идеологиялық тұрғыдан ескірген 8 білім беру ұйымын қайта атау ұсынылды.

Жалпы, осы кезге дейін облыстық ономастикалық комиссияға аудандар мен қаладан 143 түсіп, соның нәтижесінде 127 көше мен 4 елді мекенге атау беру (қайта атау) қолдау тапты. Сондай-ақ Сырым мен Қазталов аудандарындағы жаңадан бой көтерген көшелерге Астана, Астанаға - 20 жыл атаулары берілді.

«ҚР Президенті Әкімшілігінің 2017 жылғы 28 ақпандағы тапсырмасына сәйкес өңірде идеологиялық тұрғыдан ескірген, қайталанатын атауларды тарихи жер-су атаулары және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгерту бойынша да жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ, Шыңғырлау ауданының үш елді мекенінің, облыс бойынша 54 көшенің атауы өзгертілді», - деді Айгүл Әділгерейқызы. 

Соңғы жаңалықтар