Оралда 764 млн теңгеге 17 спорт алаңын салу көзделуде

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Облыс әкімі Алтай Көлгінов Орал қаласында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Биыл облыс орталығында жол құрылысына 8,1 млрд теңге бөлінгені белгілі. Осы қаржыға жалпы ұзындығы 74 шақырым болатын 67 көшеге қатқыл табанды жол төселуде. Соған байланысты бірқатар көшелер жабылып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл жол қозғалысына қиындық тудыруда.

Сол секілді Оралда 507 млн теңгеге 20 аула аумағы абаттандырылуда. Оған қоса екі тынымбақты қайта жаңғыртуға 166 млн теңге қаралған. Сонымен қатар спорт алаңдарының құрылысы да басталып кетті. Шаһар бойынша жалпы құны 764 млн. теңге болатын 17 спорт алаңын іске қосу көзделуде.

Құрылыс нысандарында болған Алтай Көлгінов облыс әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев пен қала басшысы Мұрат Мұқаевқа бірқатар ескерту жасап, қолға алынған жұмыстардың уақтылы аяқталуын тапсырды. 

Соңғы жаңалықтар