Оралда 7 жасар бала кәріз құдығына түсіп кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда кәріз құдығына құлап кеткен жеті жасар бала аман қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орал қалалық ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы, полиция майоры Динара Әбділқалықованың айтуынша, оқиға кеше «Жаңа Орда» шағын ауданында сағат 12-00-дер шамасында болды. Мектептен қайтып келе жатқан даярлық сыныбында оқитын бала қақпақтың шетін басқанда, ол ашылып кетіп, ішіне құлаған.

Абырой болғанда, оның айқайын естіген 1995 жылғы жігіт көмекке ұмтылған. Оған басқа жүргіншілер де қосылып, бәрі баланы құтқарып қалған. Сол күні ұлын алуға бара қоймаған анасы да оқиға орнына жеткен. Миы шайқалған баланың денесінде көгерген жерлері бар.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың сөзіне қарағанда, жабық бас-ми жарақатын алған 2011 жылғы бала облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілген.

Соңғы жаңалықтар