Оралда 2 тұрғын үй пайдалануға берілді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Оралда қала күніне орай қос бірдей көп қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

null
Оның бірі Деповская көшесінде апатты үйдің орнына бой көтерді. Тоғыз қабатты 90 пәтерлік үй мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында салынды. Бұған «Болашақ-Т» ЖШС 683,478 млн теңге жұмсады. Ал ауланы абаттандыру жергілікті бюджет есебінен жүргізілді. Мұндағы 16 пәтер апатты үйде тұрғандарға берілді. Қалған 74-і «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ салымшылары мен пәтер құнын төлеуге келіскен тұрғындарға беріледі.
null 

Бүгін сондай-ақ Зачаган кентіндегі Орал-Атырау мен Орал-Сарытау жолдары арасындағы жаңа шағынауданда 9 қабатты, 180 пәтерлік үй іске қосылды.
null null 

Қос үйдің де пайдалануға беру рәсіміне қатысқан облыс әкімі Алтай Көлгінов Елбасы тапсырмасына сәйкес өңірде тұрғын үй құрылысы қарқын алып отырғанын жеткізді. Апатты үйлердің орнына жаңаларын салу мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде алғаш рет қолға алынып отырса, Зачагандағы кезекте тұрғандар мен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салымшыларына арналған тұрғын үй «Нұрлы жол» және 2020 жылға дейінгі өңірлерді дамыту бағдарламасына сәйкес салынды. Құрылысты «Урал Авто» ЖШС жүргізсе, мердігері - «Болашақ-Т» ЖШС компаниясы. «Бұл ғимарат үй құрылысы комбинаты жүйесі бойынша салынды. Қуат үнемдейтін үй қазіргі заманғы барлық талаптарға сай келеді. Мұнда сондай-ақ электронды ПИК, бейнебақылау жүйесі жұмыс жасайтын болады.
null 

Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 14 көп қабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі. Оған қоса облыстың сегіз ауданында үйлер салынуда. Барлығы биыл 1600 пәтер тұрғындар игілігіне айналмақ. Алдағы жылы 16 көп қабатты тұрғын үйді (2700 пәтер) салу көзделуде. Облыс орталығында қырықтан астам апатты, 200-дей ескі үйлер бар, олар да жаңартылатын болады», -  деді өңір басшысы. 

Соңғы жаңалықтар