Орал мен Атырауда жүргізуші куәлігін беретін ХҚКО ашылады - министр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылы Орал мен Атырау қалаларында көлік құралдарын тіркеу мен жүргізуші куәлігін ұсынатын мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде аталған ведомствоның басшысы Дәурен Абаев мемлекеттік қызметтер саласында цифрлық жүйелерді дамыту бағытына тоқталды.

«Биыл «Paper free» немесе «Анықтамасыз қызметтер» жобасы белсенді түрде енгізіліп жатыр. Ол жобалардың іске асуы мемлекеттік органдардың бір-бірінен анықтама сұрап жүретін машақатты жоймақ», - дейді министр.

Дәурен Абаев өз сөзінде мамандандырылған ХҚКО-лар туралы жайында сөз қозғады.

«Сонымен қатар, облыс орталықтарында көлік құралдарын тіркеу мен жүргізуші куәлігін ұсынатын мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтарын ашу бойынша жұмыс жалғасатын болады. Осылайша, 2018 жылы аталған бағытта қызмет ұсынатын ХҚКО-ын Орал мен Атырау қалаларында ашу жоспарланған», - деді министр.

Сонымен бірге, осы жылы Президенттің айтқан тапсырмаларына сәйкес, Мемлекеттік корпорациялар мен оның өңірлердегі филиалдары азаматтарды цифрлық дағдыға үйретуді, әсіресе электронды үкімет порталындағы қызметтерді алу қызметтерін меңгертуді жалғастыра бермек.

Соңғы жаңалықтар