Орал қаласының маңындағы жерлер жалға берілмекші

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласына қарасты Круглоозерный ауылдық округі аумағында ауыл шаруашылығы мақсатындағы үш жер телімін жалға беру үшін конкурс жарияланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Орал қаласы жер қатынастары бөлімінен түскен мәліметке қарағанда, 89,67 гектар, 240 және 852 гектар егістік жерлері 10 жылға жалға берілмекші. Конкурсқа жеке және заңды тұлғалар қатыса алады. Өтінімдерді қабылдау мерзімі 21 қараша күні аяқталады.

Конкурс қорытындысы 27 қараша күні белгілі болмақ. Онда арнайы білімі мен ауыл шаруашылығы саласында еңбек өтілі және ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдей алатын техникасы барларға басымдық беріледі. Жерді иеленгендер оны сол егістік мақсатында пайдалануы тиіс.

Соңғы жаңалықтар