Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 332.21
EUR 391.74
RUB 5.57
CNY 50.08

Орал қаласында биыл жол апаттарынан 26 адам көз жұмды

Орал қаласында биыл жол апаттарынан 26 адам көз жұмды
2017 жылғы 11 қараша 04:21 448

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында биылғы он айда 199 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 26 адам көз жұмып, 213-і түрлі жарақат алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Орал қалалық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметкері Гүламан Исмағұлованың айтуынша, сараптама көрсеткеніндей, әр жол апатының үшіншісі көлік жүргізушілерінің жылдамдықты шектен тыс арттыруы салдарынан орын алды. Осы құқық бұзушылыққа барған көлік иелеріне 1 957 әкімшілік хаттама толтырылды. Бағдаршамның рұқсат етілмеген белгісіне тоқтамаған 678 жүргізуші жауапқа тартылды. Жаяу жүргіншілер де қарап қалып жатқан жоқ. Олардың тарапынан 2 135 ереже бұзу дерегі анықталып, тиісті шара алынды. 99 көлік жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, апатты жағдайдың қалыптасуына себепкер болды.

Жаяу жүргіншілерді өткізбеген 517 көлік иесіне айыппұл салынды, бұл өткен жылғы осы кезеңдегіден (409) 26,4 пайызға өсіп отыр. Мұндай құқықбұзушылық қараша айында да жалғасуда. Мысалы, 2 қараша күні екі, 4 қарашада осындай бес дерек тіркелді.

2 қараша күні сағат 17.15-те 1974 жылғы жүргізуші «Фольксваген Пассат» автокөлігімен велосипедпен кетіп бара жатқан адамды қақты. Соның салдарынан жабық түрде бас сүйегі мен миы, маңдайынан жарақат алған велосипедші ауруханаға жатқызылды. Сол күні сағат 23.50-де Зеленов ауданының 1994 жылғы тұрғыны «Сиат» көлігімен Орал-Желаев тас жолында Желаев ауылында тұратын 1937 жылғы зейнеткерді қағып кетті. Миына зақым келіп, дене мүшелері сынған тұрғын қазір қалалық көп бейінді ауруханада ем қабылдауда. 4 қараша күні сағат 20.30-да 1993 жылғы көлік иесі Шолохов көшесіндегі «Баку» кафесіне қарсы бетте 1980 жылғы жаяу жүргіншіні қағып, бұл азаматтың сол аяғының сүйектері сынды. Оған да дәрігерлік көмек көрсетілді. 

Автор: Елжан Ералы
Басты сөздер: Көлік, Оқиға, Батыс Қазақстан облысы,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер