Орал ІІБ маңынан табылған әйел мүрдесі: Күдікті екі айға қамалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орал сотының шешімімен 49 жастағы әйелді қатыгездікпен өлтірген күдікті екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жәмилә Жұмағазиеваның денесі 19 нурыз күні Орал ішкі істер басқармасы ғимаратына жақын жерден табылған болатын. Оны өлтіруде 19 жастағы Әзімбек Асылбеков күдіктеліп отыр.

21 наурыз күні қалалық сотта БҚО тумасы А.Асылбековты қамауға алуға санкция берілді. Ол ҚР ҚК-нің 99-бабына («Адам өлтіру») сәйкес тергеу жүретін - екі айға қамалды.

Еске салайық, 19 наурыз күні таңертең зорлық-зомбылықпен өлтіру белгілері бар әйелдің денесі табылған болатын. Анықталғандай, ол жеке кәсіпкерлікпен айналысқан. 

Жедел іздестіру шаралары барысында Әзімбек Асылбеков келесі күні ұсталып, Орал қалалық ішкі істер басқармасының уақытша оқшаулағышына қамалды.

Соңғы жаңалықтар