Орал-Атырау бағытында жаңа әуе рейсі ашылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін «QAZAQ AIR» әуе компаниясы Орал-Атырау бағытында жаңа рейсті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«QAZAQ AIR» АҚ-ның басқарма төрағасы Блэк Поллоктың атап өткеніндей, бұл - аталмыш әуе компаниясының маршруттық желісіндегі он екінші қала. Қазақстанда әуе ұшақтарын өткен жылдың ортасынан бастап ұшыра бастаған компания осы кезге дейін 180 мың адамға қызмет көрсеткен. Мұны жыл аяғына дейін 200 мыңға жеткізу көзделуде. Жолаушыларды осы ұшақты өндіретін зауыттан алынған үш жаңа «Bombardier» тасымалдауда. «Біз Қазақстандағы ең жас әуе флотын пайдаланудамыз. Консалтингтік қызмет көрсеткен халықаралық әуе компанияларының көмегімен жұмыс жасаудамыз. Жергілікті 12 ұшқыш «Bombardier» ұшағын басқаруға мамандану үшін Еуропада білім-білігін жетілдіруде. Олар жыл аяғына қарай қызметіне кіріседі. Атыраудан Оралға және кері бағытта жолаушылар аптасына екі рет - жұма және жексенбі күндері «Bombardier Q400» бортында сапар шегуге мүмкіндік алады. Бұл ұшақтарда ұшу қолайлы, барлық жағдай жасалған. Алдағы жылы жаңа ұшақтар алып, қалааралық ұшу рейстерінің санын арттыратын боламыз», деді Брэк Поллок.
null  

«Орал» халықаралық әуежайының бас директоры Хайредин Рысқалиевтің айтуынша, бүгіннен бастап барлық әуе компаниялары Оралға жолаушылар тасымалдауда. Мысалы,  «Эйр Астана», «Бек эйр» Алматы, Астана бағытында қызмет көрсетсе, «QAZAQ AIR» Атырау, «Скат», «Бек эйр» ұшақтары жолаушыларды Ақтауға жеткізеді. Алдағы жылы «Сибирь» әуе компаниясы Мәскеу бағытында рейс ашуды ойластыруда. Облыс әкімі Алтай Көлгіновтің ұсынысына сәйкес «Эйр Астана» Еуропаға жол ашпақшы.
null  

Тағы бір жаңалық, әуежай ғимаратын жөндеу жөнінде облыс әкімдігі мен «ҚПО б.в.» компаниясы арасында келісімге қол жеткізілді. Бұл мақсатқа 1 млрд. астам теңге қарастырылмақ. Бұл жұмыстар алдағы жылы басталады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын 2015 жылы  республикалық бюджеттен бөлінген 7 миллиардтай теңгеге әуежайдың ұшу-қону жолағы қайта жөнделіп, кеңейтілген болатын.
null  

Соңғы жаңалықтар