Орал-Астана бағытында жаңа пойыз қатынамақ

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - 1 маусымнан бастап Орал-Астана, Астана-Орал бағытында жаңа №257 және №258 пойыздары қатынамақ. Бұл туралы Орал вокзалының бастығы Қайырболат Ғайнеден мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Оның айтуынша, бір қуаныштысы, бұл пойыз Астананың тәулігіне 35 мың жолаушыны қабылдай алатын жаңа вокзалына тоқтайтын болады. Сонымен қатар бұрыннан бар №57 және №58 пойызы да жүреді, тек ол ескі вокзалға аялдайды. Оған қоса «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызын іске қосу да күн тәртібінен түскен жоқ.

Айта кетейік, есесіне техникалық себептерге байланысты Алматы-Мәскеу бағытында қатынайтын пойыздың жолы қысқарып, 1 маусымнан бастап Саратовтан кері қайтатын болады. Бірақ оның Қазақстан аумағындағы жолақысы өзгермейді.

Соңғы жаңалықтар