Оппозицияға құрметпен қарауымыз қажет - Путин

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ басшысы Владимир Путин «Единая Россия» партиясын проблемаларды әділ белгілеп, елдің дамуына кедергі жасайтын мәселелерді шешуде табандылық танытуға үндеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ТАСС-қа сілтеме жасап.

«Ең бастысы, шешілмеген проблемаларды әділ белгілеп, алға қарай жүруге кедергі жасайтын мәселелерді табандылықпен шешу керек. Үлкен мақсаттарды қойып, нақты нәтижеге жетуге тырысу қажет. Алда маңызды әрі кезек күттірмейтін жұмыстар көп. Ал осы уақытқа дейін жасалғанның бәрі тек фундамент қана, оның өзі алдағы табысты дамуға кепіл бола алмайды», - деді В.Путин партия сьезінде.

Оның ойынша, осы уақытқа дейін бұдан да жоғары жетістіктерге жетуге болатын еді. Алайда ауыр міндеттерді арқалап, үлкен мақсаттарға ұмтылғанда іске аспай қалатын жоспарлар да болады.

Өз сөзінде Ресей президенті «Единая Россия»-ның қалыптасу жолындағы қиыншылықтарды еске алып, саяси жүйені дамыту қажеттігіне тоқталды. Осы орайда ол xалық арасында патриотизм, ұлттық келісім, салт-дәстүрге құрмет, адам құқықтары сияқты құндылықтарды сақтау мәселесіне баса назар аударды. Путиннің айтуынша, Ресейде демократияны дамыту шараларын жалғастырып, жұмыс істей алатын оппозицияға құрметпен қарау қажет.

«Бізге тікелей демократия тетіктерін кеңейту керек деп білемін. Азаматтық қоғамның әлеуетін барынша ашу қажет. Конституциямыз оған толық мүмкіндік беріп отыр. Бәсекені ынталандырған жөн. Ұтымды ұсыныстарға оң көзқараспен, жұмыс істей алатын оппозицияға құрметпен қарауымыз қажет. Ондай оппозиция билікпен құр дауласа бермей, нақты ұсыныстарды жасауы тиіс», - деп атап көрсетті Путин.

Оның ойынша, азаматтық қоғам да бос сөз бен популизмге жол бермеуі тиіс. Бұдан бөлек, Владимир Путин сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесіне де баса назар аударды.

Соңғы жаңалықтар