ОПЕК+ келісімінің орындалу деңгейі қыркүйекте 120%-ке жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мұнай өндіруді қысқарту бойынша ОПЕК+ келісіміме қатысушы елдер 2017 жылдың тоғыз айында өз міндеттемелерін 120%-ке орындады, деп хабарлайды ТАСС ОПЕК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ОПЕК-тің министрлік мониторингілеу комитеті мұнай нарығындағы процестерге ықпал ететін факторларды қадағалауды жалғастырады.

29 қарашада Венада министрлік мониторингілеу комитетінің кездесуі өтеді. Оның ертеңіне болатын ОПЕК негізгі конференциясында 2018 жылдың наурызынан кейінгі мұнай өндіруді шектеу бойынша келісімдерді ұзарту мәселесі талқыланады.

Соңғы жаңалықтар