ОПЕК елдері мұнай өндірісін шектеуге уағдаласты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ОПЕК-қа мүше-елдер 32,5 млн. баррель деңгейінде мұнайдың орташа тәуліктік өндірісін шектеу туралы келісті.

Бұл туралы ТАСС жазуда.

ОПЕК делегациясындағы дереккөзге сілтеме жасап, Reuters-тің хабарлауынша, аталмыш мақсатқа қол жеткізгеннен кейін картель мұнайды экспорттаушы өзге елдерден осы келісімге қосылуды сұрамақ. 

ОПЕК қарашада өтетін келесі кездесуде картельге мүше-елдердің әрқайсысымен мұнай өндірісін шектеу мәселесін талқылайтын болады.

Осы жаңалықтар аясында Brent маркалы мұнайға фьючерс құны Лондондағы ІСЕ биржасында 4,6 пайызға, яғни барреліне 48,35 долларға жетті. Мұнай бағасының ең көп өсімі барреліне 48,93 пайызды құраған болатын. 

Соңғы жаңалықтар