ОПЕК елдері екі жылдың ішінде мұнай бағасының құлдырауынан $1 трлн жоғалтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ОПЕК-ке мүше  елдер 2015-2016 жылдары мұнай бағасының құлдырауы салдарынан экспорттық ақша түсімінен 1 трлн доллар жоғалтты.

Бұл туралы  ұйымның бас хатшысы Мұхаммед Баркиндо жыл сайынғы KOGS-2017 мұнайгаз конференциясы аясында өткен сессияда мәлім етті.

«Соңғы екі жылдың ішінде біз тек секторға салынған инвестицияның ғана емес, мұнайдан түсетін табыстың да төмендегенін көрдік. ОПЕК елдері осы кезеңде 1 трилионнан астам  доллар жоғалтты»,-деді ол.

Баға 2014 жылдың күзінен төмендей бастаған.

2015 жылдың ақпанында мұнайдың  баррелі 28 долларға түсіп кетті. Бұл құлдыраудың шыңы болды. Сарапшылардың пікірінше, 2015-2016 жылдары мұнай өндіруші салаға салынған инвестиция екі есеге азайған.

Қазіргі уақытта қол жеткен келісім мұнай баррелін 50-55 доллар шамасында ұстауға  мүмкіндік туғызып отыр.

Соңғы жаңалықтар