Оңтүстіктің жастары тарихи жерлерді аралайды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының жастары «Өлкетану» жобасы аясында тарихи жерлерді аралайтын болады.

Бүгін «Ontustik Tourism Center» туристік ақпарат орталығында Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму, туризм және жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармалар арасында өзара ынтымақтастық меморандумға қол қойылды.  Меморандум аясында «Өлкетану» атты жастар жобасы бастау алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

null 

Жастарға арналған жобаның мақсаты - оңтүстік өңірінің көрікті жерлерін жастар арасында таныту мен туристік қызметті пайдаланудың мәдениетін жоғарылату. Ендігі жерде бұл жобаға  14-29 аралығындағы жастар әр демалыс күндері қатыса алады. Олар аймақтың көрікті жерлерін аралап, тарихи жерлерге бас сұғады деп күтілуде. 

null 

Соңғы жаңалықтар