Оңтүстіктің туристік компания өкілдері Астанада өткен көрмеде 20-дан астам келісім жасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше Астана қаласында «Astana-Leisure» қазақстандық халықаралық туристік көрмесі өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ontustik.gov.kz.

Жыл сайын өтетін көрме Венгрия, Вьетнам, Германия, Грузия, Үндістан, Қытай, Корея, Мальдивы сынды алыс және жақын шетелдердің 114 туристік бизнес ұйымдарының өкілдерінің басын қосты.

Көрменің жұмысына Оңтүстік Қазақстан облысы делегациясы Кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму басқармасының жетекшілігімен туристік және қонақ үй индустриясының 15 өкілі қатысты.

Көрмеге келушілер Оңтүстік Қазақстан облысына зор қызығушылық танытуда. Бірінші күннен бастап, облыстағы туризм саласы бойынша бизнес өкілдері шетелдік және басқа облыстардағы әріптестерімен өзара ынтымақтастық туралы 20-дан астам келісімдерге қол жеткізді.

Оңтүстік Қазақстан облысының туристік компанияларының мүмкіндіктерімен осы өңірде 6-7 қазан аралығында өтетін «OntustikTourism-2016» туристік форумында жақынырақ танысуға болады. Аталмыш шараға еліміз бен шет мемлекеттерден 250-ден астам компания өкілдері қатысады. Қонақтар әлемнің 10 мемлекетінен келеді деп күтілуде.

Жиын туризм саласы бойынша ынтымақтастықты арттыру, іскерлік қатынастарды қалыптастыруға, мейманханалық бизнесті жолға қоюға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар