Оңтүстіктің полицейлері арасында патриоттық әндер байқауы өтті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Наурыз мерекесі қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінде «Елім менің -Қазақстан» атты патриоттық ән байқауы болып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының ұйымдастырған шараға департамент аппаратының жеке құрамынан 21 үміткер қатысып, бағын сынады.

Оңтүстік полицейлері арасында өткен байқау ҚР ІІО-да тілдерді дамыту мен қолданудың 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес өткізілді.

Ән додасына қатысушыларға қойылған басты талап, саусақпен санарлық патриоттық әндерді нақышына келтіре орындай білу болды. Байқау кезінде қатысушылардың барлығы да барын салып, көпшілікті көңілінен шығуға тырысып бақты. Олар өздерінің жұмыс уақыттарының тығыздығына қарамастан, үлкен дайындық келгендерін көрсетті. Киім үлгісін әзірлеуге де ерекше мән бергені көрініп тұрды.

Байқаудың жеңімпазы болып ОҚО ІІД ЖПП-ның полицейі, полиция сержанты Бақтияр Ермекбаев танылды. Ал екінші орын Шымкент қалалық ІІБ Абай ПБ-ның инспекторы, полиция аға лейтенанты Айгүл Қалиева мен Түлкібас аудандық ІІБ-нің инспекторы полиция капитаны Сәкен Кенжеевтерге бұйырды.

Айтулы сайыста 3-орынды Төле би аудандық ІІБ-нің инспекторы полиция капитаны Қуаныш Түймебеков пен Шымкент қалалық ІІБ-ның инспекторы полиция капитаны Әдемі Әбдіровалар өзара бөлісті. Сонымен қатар байқауға қатысқан бірқатар үміткерлер «Белсене қатысқаны үшін» номинациясымен марапатталды. Оларға бағалы сыйлықтар мен грамоталар табыс етілді.

Айта кетейік, өңірдің ІІД-де дәстүрлі және патриоттық әндерді дәріптейтін, ұлттық сананы көтеретін ән сайыстары жыл сайын ұйымдастырылып тұрады. 

Соңғы жаңалықтар